Белгілі болғандай, ұрлық сенбі күні 22:00 және 23:30 сағаттар аралығында әнші Темирязев көшесіндегі «Рубин» мейрамханасында концерт беріп жатқанда орын алған.
Анықталмаған деректер бойынша, ұрылар оң жақ терезесін сындырып, ұрлыққа кіріскен, ал әншінің жүргізушісі сол кезде ресторанда отырған.
Дереккөздің айтуынша, әншінің артқы орындықта тастап кеткен сөмкесіндегі ақша мен құнды заттардан басқа, жеке куәлігі де ұрланыпты.
Келген шығынның жалпы сомасы Т1,5 млн деп көрсетіліпті.
Полициядағылар Р. Рымбаеваның көлігі тоналғанын растай отырып, оны ашуға арнайы құрылған тергеу тобы кіріскенін айтты.
Аталған факті бойынша Бостандық АІІБ ҚР ҚК 175 бабы 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.