«Апат болған жердегі іздестіру жұмыстарын біз 20-тамыза дейін аяқтап, бұл мәселеге нүкте қоямыз»,- деді А.Әбдімомынов. Оның айтуынша, Іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін эколог мамандар, ҚР ауылшаруашылығы министрлігі, Жер ресурстары жөніндегі агенттігі мен денсаулық сақтау министрлігінің мамандары экономикалық топқа бірігеді.
«Қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде Астанада Ресей және Қазақстандық комиссиялардың бірлескен отырысы өтіп, онда сарапшы топтардың ақырғы жұмыс нәтижелері жария етіледі»,- деді А.Әбдімомынов.
А.Әбдімомыновтың айтуынша, қазіргі жағдаймен зымыран қалдықтары құлаған бес жер анықталып, экологияның ластану деңгейі айқындалды.