РС-20 үлгісіндегі зымырандарды пайдалану автоматты түрде тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РС-20 үлгісіндегі зымырандарды пайдалану автоматты түрде тоқтатылды

РС-20 үлгісіндегі зымырандарды пайдалану автоматты түрде тоқтатылды

АСТАНА. 1-тамыз. Kazakhstan Today. РС-20 үлгісіндегі зымырандарды пайдалану автоматты түрде тоқтатылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Республика үкіметінің қаулысымен Қызылорда облысында РС-20 "Днепр" зымыранының құлауынан келген залал-зардапты анықтау жөніндегі комиссия төрағасы, білім және ғылым министрінің орынбасары Азамат Әбдімомынов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 1 Тамыз 2006
  • 394
Фото - Caravan.kz



«Байқоңыр ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру барысында апат шыққан жағдайдағы ықпалдастық тәртіптері туралы Ресей және Қазақстан үкіметтері арасындағы 1995-жылғы келісімнің 5-бабы күшіне енді. Онда апатқа ұшыраған апараттар түріне жататын зымырандарды ұшыруды оқиға себептері анықталғанға дейін тоқтата тұру қарастырылған»,- деді А.Әбдімомынов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, РС-20- конверсиялық зымыранға жатады. «Роскосмостың» ақпаратына сәйкес «пайдаланудан шығарыла бастаған құрлықаралық РС-20 баллистикалық зымырандарын ұшырудағы басты мақсат — оларды пайдалы жаратуға саяды. Сонымен бірге қосымша жүктерді де кеңістікке шығаруға мүмкіндігі бар».

Перейти к новостям спорта