мексикалық WBC белдігіне ие болады және Мигель Коттомен жұдырықтасуға міндетті болады. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сүлейман мәлім етті, деп хабарлайды notifight.com.
Уақытша белбеудің қазіргі иесі Рубио (59-6-1, 51KOs) жақында ғана Серхио Мартинесті 10-шы раунда техникалық нокаутпен жеңген толыққанды чемпион Мигель Коттомен (39-4, 32Kos) кездесуге міндетті үміткер болатын.
«Біз Рубио-Головкин жекпе-жегі біріктіруші кездесу болады деп шештік, кеңестің ұйғарымы бойынша WBC уақытша белбеуі сарапқа салынады», — деді Сүлейман — Жекпе-жек жеңімпазы Коттоға қарсы тұрады. Бұл кездесу ұлы жекпе-жек болмақ және ол біздің кеңес үшін өте маңызды, бұл нұсқада әрдайым аңыз боксшылар чемпион атанған».