Рудныйда салмағы 5,5 келілік алып нәресте дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рудныйда салмағы 5,5 келілік алып нәресте дүниеге келді

Рудныйда салмағы 5,5 келілік алып нәресте дүниеге келді

Рудный қалалық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығында 20 наурыз күні салмағы 5570 грамм, бойы 62 сантиметр болатын ұл бала дүниеге келді.

  • 24 Наурыз
  • 2
Фото: Рудный қалалық көпбейінді ауруханасы

Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Caravan.kz хабарлайды.

Бұл ақпаратты Рудный қалалық көпбейінді ауруханасының ресми сайты хабарлайды.

«Бала кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Операцияны дәрігерлер С. К. Шугурмаков пен Д. Д. Шамуратов, сондай-ақ операциялық мейіргер А. Н. Нұрғалиева сәтті жүргізді», — делінген хабарламада.

Медициналық мекеменің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері орталықта салмағы 5 келіден асатын үш сәби дүниеге келген — 5200 г, 5080 г және 5570 г. Барлық нәрестелер — ұл балалар. 20 наурызда дүниеге келген сәби қазіргі таңда биылғы ең ірі бала болып саналады.

Өткен аптада — 16-22 наурыз аралығында — перинаталдық орталықта 22 сәби дүниеге келген: 13 ұл және 9 қыз. Ең ірісі — салмағы 5570 г нәресте, ал ең кішісі — салмағы 1480 г, бойы 40 см болатын қыз бала.

Ақпанда Түркістан облысында салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келген болатын.