Рудный қалалық әділет басқармасының бастығына күдік тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рудный қалалық әділет басқармасының бастығына күдік тағылды

Рудный қалалық әділет басқармасының бастығына күдік тағылды

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) Рудный қалалық әділет басқармасы бастығының үстінен қылмыстық іс қозғады.

  • 21 Маусым 2011
  • 450
Фото - Caravan.kz

ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бөлімі, 235-бабы бойынша (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару) қозғалған іс шеңберінде әділет басқармасының тағы екі қызметкері тұтқындалды, деп Қаржы полициясы тергеу басқармасының бастығы Болат Бұрұншин бүгін Қостанайда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның мәліметіне сәйкес, Рудный қалалық әділет басқармасының бастығы 2007 жыл мен 2010 жыл аралығында қызметтік бабын пайдалана отырып, өз қарамағындағылар мен басқа адамдардан ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, иесіз пәтерлермен алаяқтыққа қатысты бірқатар қылмыстық әрекеттерге басшылық еткен.
Б.Бұрұншиннің атуынша, топ мүшелері Халыққа қызмет көрсету орталығының тізімдерін пайдалана отырып, иелері жоқ пәтерлерді бақылауына алған, содан кейін риэлтор, регистратор, нотариустар арқылы жалған құжаттарды заңдастырып, пәтерлерді басқа адамдарға сатқан.
Қаржы полициясының мәліметі бойынша, мемлекетке 16,5 млн теңге зиян келген.

Соңғы жаңалықтар