Веждомство өкілінің айтуынша, жарылыс кезінде пәтердің терезелері сынып, бөлмелердің ортасын бөліп тұрған қабырғалар да қираған. Оған қоса, көршілес пәтерлер де зақымданыпты. Көрші пәтерлермен арадағы қабырғаға сызат түсіп, терезелері шағылған. Жалпы үш пәтер бүлінді, дейді ол.
Бастапқы болжамдар бойынша, 1997 жылы туған қыз өз-өзін өлтірмек оймен газды ашып қойған. Содан соң сіріңке жаққан көрінеді.
Денесін күйік шалған қыз ауруханаға жеткізілді. Оның пәтерді жалдап тұрып жатқаны анықталды.
Тергеу амалдары жүріп жатыр.