«Бүгін таңертең ІІМ Бауыржан Мұхамеджановтың қатысуымен өткен шұғыл жиында бұл мәселе, соның ішінде азаматтардың конституциялық құқығының бұзылғаны туралы мәселе де талқыланды… Атап өту керек, Конституцияда кейбір жағдайларда азаматтардың құқығы шектелуге тиіс деген бап бар»,- деді Б.Қожахметов. «Бәрі де заңның аясында қоғамдық қауіпсіздік үшін жасалуда»,- деп мәлімдеді баспасөз хатшысы.
Б.Қожахметовтың айтуынша, министрлік бүгін республикаға рулі оң жақтағы автокөліктерді енгізуге 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап, ал оны пайдалануға 2010-жылдың 1-қаңтарынан бастап тыйым салынады деген қаулының жобасын үкіметке жолдайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, республикаға рулі оң жақтағы автокөліктерді енгізуге және оларды пайдалануға тыйым салу туралы ұсыныс өткен дүйсенбіде Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қаралды. Шектеу туралы бастама көтерушілер тіздігі оң жақтағы көліктердің қатысуымен болатын жол апаттарының саны артқанымен түсіндіреді.
Мәселен, Ата заңның 39-бабында атап көрсетілгеніндей, «Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті