Румыния мен Қазақстанның білім және ғылым министрлері Бухарест қаласында кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Румыния мен Қазақстанның білім және ғылым министрлері Бухарест қаласында кездесті

Румыния мен Қазақстанның білім және ғылым министрлері Бухарест қаласында кездесті

Румыния мен Қазақстанның білім және ғылым министрлері Александр Атанасиу мен Жақсыбек Күлекеевтің Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін реформалау саясаты шеңберінде өзара ынтымақтастықты дамыту перспективасына арналған ресми кездесуі Бухарест қаласында өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Мамыр 2004
  • 623
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында А.Атанасиу қазақстандық өкілдерге Румынияның білім және ғылым министрлігінің жанынан екі мемлекеттің министрліктері деңгейіндегі келісімнің жобасын жасау жөніндегі жұмыс тобын құру жоспары туралы хабарлады. А.Атанасиудың айтуынша, «білім беру жүйесін жаңалау саласындағы Қазақстан жинақтаған оңды тәжірибе Румыния үшін аса қажет болмақ». Алдағы уақытта Румыния жағы дипломатиялық арналар арқылы келісімге жеделдетіп қол қоюға түрткі болмақшы.

Ж.Күлекеев басқарған қазақстандық өкілдер Румыния білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесе ұйымдастырған «Стратегия мен іс-әрекеттердің нәтижемен ұштастығы» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты. Бас қосу барысында ҚР білім және ғылым министрі өзінің румыниялық әріптестерімен Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудың негізгі кезеңдері туралы және министрліктің білім беру сапасын арттыруға бағытталған шаралары туралы ақпаратпен бөлісті.
Келесі жақтың айтуынша, шараға Қазақстанның білім және ғылым министрі бастаған өкілдердің қатысуы республикадағы білім беру жүйесін жетілдіру — ҚР үкіметінің басымдық беріп отырған жұмыс бағыттарының бірі екенін дәлелдесе керек.

Соңғы жаңалықтар