Румынияда түрік дүниесі жастарының құрылтайы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Румынияда түрік дүниесі жастарының құрылтайы өтуде

Румынияда түрік дүниесі жастарының құрылтайы өтуде

Румынияның Констанца қаласында түрік дүниесі жастарының ХІ құрылтайы басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2004
  • 734
Фото - Caravan.kz

Осындай құрылтай өткізу туралы бастаманы Түрік жастарының 1991-жылы құрылған халықаралық бірлестігі көтерген.

Шараны Дүниежүзілік «Түрік ошақтары» ұйымы, румыниялық мұсылман түрік-татарлардың демократиялық бірлестігі, румыниялық татарлардың демократиялық бірлестігі мен Румыния үкіметі бірлесе ұйымдастырды.
Түрік жастарының ХІ құрылтайына түрлі 40-тан астам елдің аймақтық түрік орталықтары мен бірлестіктерінің 200 өкілі мен бақылаушылары жиналды.
Қазақ жастары өкілдерінің құрамына Омбыдағы қазақ мәдениетінің сібір аймақтық «Мөлдір» орталығының мүшелері, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушылары мен Қызылорданың Қорқыт ата атындағы ұлттық университетінің өкілдері енді.
Құрылтайдың ресми ашылу салтанатына дипломатиялық өкілдіктердің бсшылары қатысты. Қазақстан Республикасының Румыниядағы дипломатиялық миссиясының жетекшісі Ерік Жүсіпов өз сөзінде құрылтай қонақтарына елімізде парламент сайлауы қарсаңында жүзеге асырылып жатқан демократиялық реформалар барысы туралы әңгімелеп, шараға қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.
Түрік дүниесі жастарының ХІ құрылтайы 1-қыркүйекте аяқталады.
Құрылтай бағдарламасында комиссиялардың отырысын, «Діндер арасындағы төзімділік және ХХІ ғасырда дін лаңкестікке қарсы» деген тақырыпта бас қосу, түрік саздарынан концерт, тарихи орындарға саяхат, Констанца қаласы арқылы туристік саяхаттар ұйымдастыру көзделген.