Румыниядағы Әлем чемпионатында 3 алтын еншіледік! - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Румыниядағы Әлем чемпионатында 3 алтын  еншіледік!

Румыниядағы Әлем чемпионатында 3 алтын еншіледік!

Қазақстанның жас шахматшылары Румынияда мектеп оқушылар арасында өткен шахматтан Әлем чемпионатында 3 алтын, 2 күміс медаль еншіледі.

  • 8 Мамыр 2012
  • 397
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, 9 жасқа дейінгі санатта Бибісара Асаубаева (Астана), 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында Динара Асаубаева (Қостанай), 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Динара Сәдуақасова алтыннан алқа тақты.

Ал күміс медаль қызылордалық 11 жастағы Әсел Серікбай мен 17 жастағы оралдық Әлібек Игембергеновтің қанжығасын майлады.

Сонымен қатар, Қазақ елінің тағы 3 жас шахматшысы әлемнің үздік 15 ойыншысының қатарынан көрінді.

«Біз ағымдағы жылы жоғары дайындық деңгейін көрсете алдық. Құрамамыз жинаған ұпай саны бойынша тек Ресей командасын ғана алға жіберді. Бұл біздің шәкірттеріміздің дәл қазіргі уақытта жоғары деңгейдегі жарыстарда да өнер көрсете алатындығын білдіреді», — дейді шахматтан ҚР-ның балалар мен жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы Петр Костенко.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера