Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Екінші айналымда отандасымыз испаниялық Гарбинье Мугурусаны 6:3, 6:1 есебімен жеңді.
Цинциннатидегі турнирдің жалпы жүлде қоры 2 527 250 доллар, жеңімпаз 412 000 доллар сыйақы мен 900 рейтингтік ұпайға ие болады.
Айта кетейік, 2017 жылы Гарбинье Мугуруса WTA рейтингісінде бірінші орын алған болатын.