Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Астаналық әуежайда қазақстандық теннисшіні туыстары мен достары, шенеуніктер мен журналистер, сондай-ақ жанкүйерлер қарсы алды. Спортшы арнайы дайындалған қымыз бен бауырсақтан дәм татты.
Бүгін Рыбакина президентпен кездесіп, баспасөз мәслихаты мен жас ойыншыларға арналған шеберлік сағатын өткізеді.
Ал ертең 13 шілдеде теннисші Алматыға барады. ️
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Уимблдонның жеңімпазы Елена Рыбакинаны ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Еске сала кетсек, қазақстандық спортшы 23 жасында Уимблдонда жеңіске жетіп, турнирдің 2011 жылдан бергі ең жас чемпионы атанды.