"Рымбаеваның баласы болғаны үшін": "Құрмет" орденімен марапатталған Әли Оқаповты халық қатаң сынауда - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Рымбаеваның баласы болғаны үшін": "Құрмет" орденімен марапатталған Әли Оқаповты халық қатаң сынауда

"Рымбаеваның баласы болғаны үшін": "Құрмет" орденімен марапатталған Әли Оқаповты халық қатаң сынауда

Республика күнінде "Құрмет" орденімен марапатталған Әли Оқапов көптің сынына қалды. 

  • 27 Қазан 2023
  • 493
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желіде сүйінші сұраған әншіден оқырмандары орденді қайтаруын талап етіп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бүгін "Құрмет" орденінің иегері атандым. Күтпеген жағдай болды шынымен. Әрине көп рақмет! Осы атаққа лайық еңбек етуге, атқарған сенімді ақтауға барымды саламын. Құттықтауларыңызға рақмет! Басымды иемін!", — деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары Әли Оқаповтың бұл марапатқа лайық емес екенін жарыса жазуда. 

"Не үшін? деген сұрақты мен де қойғым келеді. Халық үшін, Отан үшін, ел үшін қандай еңбектеріңіз бар?", "Бұл марапатқа Семейдің өрт сөндірушілері лайықты", "Әли, ұлттың расында адал, әділ азамат болсаңыз орденді қайтарыңыз", "Орденді қайтарып, лайық емес екеніңді еркекше мойында", "Ұят болды ғой. Әли жақсы жігіт, бірақ орденге лайықты еңбегі жоқ", "Әйтеуір Димаш сияқты боламын, немесе Димаштан қалмаймын деп тырмысып, жанталасып Роза мамасы алып берді-ау осы орденді. Орденді Әли алса да мен ұялып отырмын", "Рымбаеваның баласы болғаны үшін алған марапат",  — деп жазды олар.