Рыноктың шоғырлануы нәтижесінде Қазақстанда шамамен 5-6 зейнетақы қоры қалады -кәсіби қатысушы

"Рынок қосылу, бірігу жолдарына түспек, бұл мемлекет тарапынан қабылданатын әкімшілік шешімдерге байланысты болмайды. Экономиканың өзі осы жолды сілтеп отыр. Менің ойымша, 5-6 қор қалатын болар, өйткені шағын зейнетақы қорларының моделі тиімді емес", деді ол журналистерге Алматыда сәрсенбіде.

Р.Ерденаевтың пікірінше, Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы қорлары бірқатар себептерге байланысты алдағы 3-5 жылда бірігуі ықтимал.
"Рыноктың шоғырлануының алғышарттары бар. Олар объективті нарықтық механизмдерге байланысты болмақ".
Қазақстанда қазір 11 жинақтаушы зейнетақы қоры бар.