Содан бері, Хамитовтар әулетіне көңіл айтып қара шаңырақтарына ағылғандардың қатары сиремеді. Бүгін туған жері Қарқаралыда Жанардың жетісі өтіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, марқұмның басына топырақ салып келген өнердегі жақындары Сиви Махмуди, Меруерт Түсіпбаева, Ринат Малцагов пен АбуКай ғана еді.
Рысбек Аташ, әнші
— Жерлеу рәсіміне барған жоқпын. Барам дедім, Сивидің де администраторы хабарласты Абай деген бауырымыз ғой. Ия, барайық, барайық деп жоспарладық. Сонымен мен пойызбен шығатын болдым. Сосын өзімнің семьямның жағдайымен, не жағдай екенін айтпай-ақ қояын. Айтатын жағдай емес. Сол себепті бара алмай қалдым.
Экс-продюсері Сиви Махмуди әлі күнге дейін Хамитова жайлы сұқбат берген жоқ. Тек, әлеуметтік желідегі жеке парақшасына Жанардың бұдан былай жоқтығына сенгісі келмейтінін жазған. Арада 7 күн өтседе, өз-өзіне келе алмай жүрген сыңайлы.
Сиви Махмуди инстаграмдағы соңғы постарында Жанар көзі тірісінде өзі орындап қалдырған оншақты әні барын жазды. Енді соны естелік ретінде үнтаспа етіп шығармақ.
Жанардың қоржынында 10-ға жуық әндері бар, оның 5 әні ғана жарыққа шықты. Өзі өмірден өтсе де, сыңғырлаған ерекше даусымен өшпейтін із қалдырып кетті…
Рысбек Аташ, әнші
-Сивиге Алла жар болсын! Басқа кім не істеп жатқанын шынымды айтсам білмеймін ол. Алматыға күйеуінен қайтып келгеніне ұзақ уақыт болған жоқ қой, аз уақытта осынша жұмыс жасап үлгерді.
Жанарды жоқтап, өнердегі ізін суытпауға тырысып жүргендердің қатарында әріптесі Рысбек Аташ та бар. Әнші, «Жалғыз қалма» атты әнге бейнебаян таспалап жатыр.
—Негізі басын бастап қойған болатынбыз. Негізі, әнді Жанарға беріп жіберемін де, Жанар екі аптадай дайындалады. Сөйтіп келетін ғой, бұл әнге дайындалып үлгерген жоқ. 1-2 строчкасын жазды да осындай жағдай болды ғой. Күткен жоқпыз.
Бұған дейін, түсірілген ортақ екі бейнебаянға енбей қалған Жанардың кадрларын Рысбек «Жалғыз қалма» атты осы клипке қосуға ниетті.
Рысбек Аташ, әнші
—Жанармен бірге болған жерлерді алып жатырмыз. Бір бейнебаянда ана жерде болдық. Мына жерде болдық деген сияқты.
Түсірілім жұмыстары екі күнге жалғасқан. Енді, монтаждау ісін тезірек аяқтап, Хамитованың қырқына дейін отандық арналарға ротацияға беріп үлгерсем деп отыр.