Аталған фильм 27-30 қыркүйек аралығында Ресейдің Липецк қаласында өткен фестивальдің байқау бағдарламасына қатысқан еді. Сонымен бірінші орын сербтердің «Монтевидео» фильміне бұйырса, екінші орынға «Мужская и женская игра» атты ресейлік өнім ие болған.
«Маған фестивальдің ұйымдастырушылық жағы өте қатты ұнады. Ал «Рывок» фильмін көрермендер жылы қабылдады», -дейді жеке марапатқа ие болған режиссер Қ.Мұстафин.
Сонымен қатар ол барлық көрсетілім кезінде зал халыққа лық толы болғандығын және әлемнің әр түкпірінен қонақтар келгендігін жеткізді.
«Атлант» — дүние жүзі бойынша Миландық спорттық фильмдер фестивалінен кейінгі орында. Бірақ осы жолы одан басым түсті деуге болады. Өйткені 27 елден 101 тапсырыс түскен. Сонымен қатар түрлі жанрдағы фильмдер ұсынылды», -деп атап өтті режиссер.