С. Ахметов жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
С. Ахметов жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

С. Ахметов жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Өзбекстанға жұмыс сапармен барады.

  • 19 Желтоқсан 2012
  • 246
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев айтты.

«21-22 желотқсан күндері Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады. Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов пен республика Премьер-Министрі келіссөздері барысында сауда-экономикалық, мәдени-гумнитарлық қарыс-қатынастар, сонымен қатар су-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланған», — деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы өткен жылы 1,95 млрд. АҚШ долларын құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 23,9 пайызға артты. Ал осы жылдың 10 айында сауда айналымы 1,7 млрд. долларға жетті. Бүгінде Өзбекстанда Қазақстан инвестициясының қатысуымен 173 кәсіпорын, оның ішінде 48 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде.