«С. Өтебаев атындағы стипендия мен грант» беру білім жобасының екінші кезеңі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«С. Өтебаев атындағы стипендия мен грант» беру білім жобасының екінші кезеңі аяқталды

«С. Өтебаев атындағы стипендия мен грант» беру білім жобасының екінші кезеңі аяқталды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және KAZENERGY қауымдастығы 2010-2011 оқу жылы бойынша «Сафи Өтебаев атындағы стипендия мен грант» беру білім жобасының екінші кезеңі аяқталғаны туралы хабарлайды.

  • 13 Шiлде 2011
  • 672
Фото - Caravan.kz

«2010-2011 оқу жылындағы байқауға 7 кәсіби лицей мен колледжден 17 оқытушы және 5 бейінді жоғары оқу орнынан 67 студент қатысты. Соған орай, құрамында «KazEnergy» қауымдастығының, «ҚазМұнайГаз» Барлау, Өндіру» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазРосГаз» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, Agip Karachaganak B.V. және басқа да мұнай-газ компанияларының өкілдері бар арнайы жұмыс тобы 20 жеңімпазды таңдап алды. Олардың арасында бейінді оқу орындарының 5 оқытушысы және бейінді жоғары оқу орындары студенттері бар. Атап айтқанда, студенттердің арасында: Эрик Аташев, Индира Шұғайыпова, Жадыра Көбесейітова, Қанат Оңғарбаев, Әсел Жәкенова, Әсел Молдашева, Әйгерім Бұқарбаева, Олжас Асанбаев, Эльмира Қажығалиева, Әділ Төлебай, Аслан Көкбаев , Феликс Иодковский, Ертай Әубәкіров, Марат Ибағаров және Шыңғыс Бөрібек жеңімпаз атанды. «С.Өтебаев атындағы білім бағдарламасының стипендиаты атану үлкен құрмет. С.Өтебаев — Қазақстан мұнай өнеркәсібінің негізін қалаушылардың бірі, еліміздегі көптеген мұнай кен орындарын ашқан маман. Сонымен бірге бұл жоба оқуға деген ынтамызды одан әрі арттырады», — деді Атырау мұнай-газ институтының студенті Қанат Оңғарбаев.

Мұғалімдер еңбегін бағалау кезінде жұмыс тобы ғылыми жарияланымдар, оқулықтардың, әдістемелік нұсқаулар мен оқу құралдарының зерттеулеріне қатысуы (өзі немесе бірлескен авторлық), оқу үдерісінде инновациялық оқыту технологияларын қолдану мәселелерін ескерді. Сонымен қатар оқушылардың ғылыми-зерттемелік және шығармашылық жұмыстарының жетекшілігіне мән берді. Студенттерді таңдау барысындағы басты талаптар GPA-дің 3,5-тен кем емес, кәсіпқой бірлестіктерде мүшелік, мемлекеттік және халықаралық ғылыми шараларға қатысуы мен жарияланымдарына назар аударылды.

ҚазАқпарат анықтамасы: Сафи Өтебаев 1909 жылы Атырау облысының Қарабау ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1925 жылы Доссорда дәнекершінің көмекшісі ретінде бастаған. 1935 жылы Әзірбайжандағы М.Азизбеков атындағы мұнай институтын бітіріп, алғашқы қазақ мұнайшы-инженері болды. С.Өтебаев 40 жылдан аса Қазақстанның мұнайлы өндірісінде жұмыс істеген, қатардағы инженерден «Қазақстан мұнай» бірлестігінің бастығы, Атырау және Батыс Қазақстан халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы қызметіне дейін көтерілді. 1938 жылы С.Өтебаевтың бастамасымен Атырау қаласында республикадағы алғашқы мұнай өңдеу зауытын ашу туралы шешім қабылданды.

С.Өтебаев жас ұрпақтың сапалы білім алуына баса назар аударды, жастардың жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік жасады, мұнай техникумдарының техникалық жағынан жабдықталуына көмектесті. ҚазПТИ-де мұнай факультетінің ашылуы да белгілі мұнайшының есімімен байланысты, ол осы институттың оқытушыларымен және студенттерімен тығыз байланыста болды. Сонымен қатар ол Одақтың алдыңғы қатарлы мұнай институттарына 20 жыл бойы Қазақстан орта мектептері түлектерінің түсуіне Үкіметтің арнайы шешім қабылдауына ықпал етті.

Соңғы жаңалықтар