23 қаңтарда қала мектептерінің бірінде облыс орталығындағы білім басқармасының басшысы, директорлар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жиналды. Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан ақпарат таратады.
Бұл түркістандық мектептегі қалыпты мектеп. Түскі ас кезі.
Бір оқушылар сабақтан қайтып бара жатса, екіншілері енді келіп жатыр.
Осы уақытта акт залында жиын өтіп жатыр.
Елді дүр сілкіндірген оқиғадан кейін жергілікті педагогтар оқиғаның қалай болғанын және ең бастысы мұның қайталанбауы үшін не істеу керектігін ойластырып жатыр.
"Мектеп директорларымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен және сынып жетекшілерімен балалардың арасында мұндай жағдай қайталанбауы үшін жиын өткізіп жатырмыз", — деп хабарлады қалалық білім басқармасының басшысы Ақмарал Батырбекова.
Ол әріптестерінің жиналып, жағдайды түсіну үшін және тәжірибе алмасу үшін кеңес құрып жатқанын айтты.
"Бұл қақтығыс сабақ кезінде болмаған, сабақтан шыққаннан кейін, кешкі уақытта болған, енді біз оқушыларды сабақтан кейінгі уақытта немен айналысуға болатынын ойланып жатырмыз. Балалар мұндай уақытта әлденемен айналысса дейміз. Олардың бос уақытында қосымша сабақ өткізу керек сияқты. Балалардың уақытын қосымша үйірмелермен, секциялармен, жарыстармен толықтырсақ, мұндай жағдай қайталанбайды деп ойлаймыз", — деп пікір білдірді Батырбекова.
"Бұған дейін мұндай жағдай болмаған. Төбелес те, ештеңе де болмады. Жасөспірімдердің арасындағы бұл жағдай бір-бірін дұрыс түсінбегенінен болды деп ойлаймыз", — дейді ол.
Қалалық білім басқармасының басшысы видеода көрінетін тоғызыншы сыныптың жеті оқушысының әлеуметтік жағдайын да айтты.
"Бұл балалар толық отбасыдан, жақсы, орташа жанұядан шыққан. Жоқшылықты көрмей өсті. Қарапайым оқушылар, ешқашан сабаққа кешікпеген, қалып қоймаған. Түрлі олимпиадаларға, байқауларға, қоғамдық шараларға қатысқан", — деді ол.
Батырбекованың сөзінше, қазіргі уақытта оқиға зерделеніп, зерттеліп жатыр. Тергеу жүріп жатыр, арнайы комиссия құрылып, оның құрамына педагогтар мен психологтар кірген.
"Өзге мектептерге де барып, бұл жағдайдың қандай себеппен болғанын анықтап, әңгімелеп жатырмыз, мұның бәрі осындай оқиғалардың алдын алу үшін жасалады", — дейді ол.
Соңғы жаңалықтар
Ипотека: Ертең «Наурыз» бағдарламасы іске қосылады
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Су тасқыны: Үкімет тағы 553 800 теңгеден өтемақы төлеуге дайын
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Сәләфизмның Қазақстанға шабылуының жаңа толқыны басталды - дінтанушы
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Астанада құрылысы 13 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Ислам Сәтбаев - Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Тәжікстан жөнелткен гуманитарлық көмек Ақтөбеге жеткізілді
Жаңалықтар
24 Сәуiр
«Жындының сандырағы». Райымбек Баталов Бишімбаевтың сөздеріне қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Тағы бір қазақстандық спортшы олимпиадаға іріктеуден өтті
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Тоқаев Мирзиеев пен Өзбекстан халқына алғыс айтты
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Орал қаласындағы мектептер оффлайн оқытуға көшеді
Жаңалықтар
23 Сәуiр