«Сәби сүюді жоспарласаңыз»: уролог орындығын қыздырып жүретін жүргізушілерге ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 528.52
  • 539.14
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сәби сүюді жоспарласаңыз»: уролог орындығын қыздырып жүретін жүргізушілерге ескерту жасады

«Сәби сүюді жоспарласаңыз»: уролог орындығын қыздырып жүретін жүргізушілерге ескерту жасады

Көліктің орындығын ұзақ уақыт қыздырып жүру адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

  • 13 Қаңтар
  • 9
Фото: dzen.ru

Қазақстандық уролог Фархат Равилов орындығын қыздырып жүретін жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ол орындықты қыздыру аталық бездің жұмысына кері әсерін тигізетінін айтты.

«Қыстыгүні орындықты қыздырып жүру ер адамға зиян. Көп уақыт рульде отырған кезде аталық бездің температурасы көтеріледі. Аталық бездің температурасы көтерілгеннен кейін сперманың түзілуі санына, сапасына, қозғалғыштығына кері әсерін тигізеді. Егер сәби сүюді жоспарлап жүрген болсаңыз, астыңызды қатты ысытпаңыз», — дейді уролог Фархат Равилов.