Сәбиді неше жасқа дейін емізу керек? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәбиді неше жасқа дейін емізу керек?

Сәбиді неше жасқа дейін емізу керек?

Әлем бойынша сәбиді ана сүтімен емізу апталығы өтіп жатыр. Шарадан біздің еліміз де шет қалған жоқ. Алматыда емізулі сәбиі бар аналар бас қосып, емшек сүтінің пайдасы мен артықшылықтары туралы сөз қозғады.

  • 5 Тамыз 2015
  • 526
Фото - Caravan.kz

Сәбиді кемі екі жасқа келгенше емізу анаға да, балаға да пайдалы. Әсіресе, ему кезінде баланың бүкіл ағзасы жұмыс істейді екен. Бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыздағы бұлшық еттері тез жетіледі. Емізу процесінің де өзіндік ережелері бар. Елімізде алтыншы рет өтіп отырған шараға қатысушы жас аналар бір-бірімен тәжірибе алмасты. Жалпы апталық әлем бойынша 22 жылдан өтіп келеді. Қазақ келіншектері де бұдан қалыс қалған емес.

Мария Иванова, Алматы қаласының тұрғыны:

— Елімізде емшектегі баласы бар жұмысбасты аналарға жарты сағаттық үзіліс қарастырылған. 1 жарым жасқа толмаған баласы болса, әр 3 сағат сайын үзіліске шығуға құқылы. Күндіз алмаса, жұмыс күнін қысқартуына да болады. Яғни, аналарға барлық жағдай жасалған.

Соңғы жаңалықтар