Сабина Алтынбекованың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сабина Алтынбекованың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды

Сабина Алтынбекованың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың жұбайы кім екені белгілі болды.

  • 25 Желтоқсан 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Сабина Алтынбекова тұрмысқа шыққанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады

Бұған дейін әлеуметтік желіде ерлі-зайыптылардың үйлену тойындағы фотосуреттер пайда болған.

Сабина Алтынбекованың жұбайының аты-жөні Саят Салманұлы. Алтынбекованың жұбайының кім екенін, қандай қызметте екені белгісіз.

Бұған дейін Сабина Алтынбекованың өзі неке қию сәтіндегі суретін бөліскен, бірақ сүйіктісінің аты-жөні мен келбетін жария еткен жоқ.

Желідегі жанкүйерлері спортшының жолдасы көрікті жігіт екенін айтып, таңданысын білдірді. 


Сабина Алтынбекова қазақстандық волейболшы. Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі.

Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол бес жасынан бастап бимен айналысты. 14 жасында волейболға қызығушылық танытты. «Казхром» клубында команданың капитаны болды.

Сабинаға модель болуға бірнеше рет ұсыныс түскен, бірақ спортшы қыз бас тартты.