Сәбит Әбдіхалықов жаңа қызметке тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәбит Әбдіхалықов жаңа қызметке тағайындалды

Сәбит Әбдіхалықов жаңа қызметке тағайындалды

М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып Сәбит Әбдіхалықов тағайындалды.

  • 27 Желтоқсан 2018
  • 39
Фото - Caravan.kz


«Бүгін Мәдениет және спорт министрі А.Мұxамедиұлының бұйрығымен Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып Сәбит Әбдіхалықов тағайындалды. Әкемтеатр ұжымына жаңа директорды вице-министр Ақтоты Райымқұлова таныстырды», -делінген театрдың сайтында.

Әбдіхалықов Сәбит Әбдімүтәліұлы 1973 жылы 1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Рабат ауылында дүниеге келген.
* 1992 — 1996 жылдары "театр және кино актері" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын) бітірген.
* 2009 жылы Біліктілігін арттыру мақсатында «New York Film Academy» USA қосымша білім алған.
* 2013 – 2015 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «өнертану ғылымдарының магистрі» дәрежесін алды.
Еңбек жолы:
* 1996 – 1999 жылдары “Бауыржан-шоу” әзіл-сықақ театрының актері
* 1999 – 2003 жылдары “Тамаша” сатира театрының актері
* 2003 жылдан “Мафия мен Тақия” әзіл-сықақ театрының актері
* 2006 – 2007 жылдары “Қазақ әуендері” АҚ филиалының “Қазығұрт” эстрада театрының жетекшісі
* 2008 – 2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының шығармашылық орталығының жетекшісі
* 2008 – 2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушысы
* 2012 – 2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор міндетін атқарушысы
* 2013 жылы ОҚО Мәдениет басқармасының «Оңтүстік-Цирк» МКҚК директоры
* 2014 – 2015 жылдары «Салтанат Мемлекеттік би ансамблінің» директоры
* 2015 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызыметін атқарады.
Мемлекеттік марапаттары:
* 2000 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
* 2008 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.
* 2015 жылы "Қазақстан конституциясына 20 жыл" медалі
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.
* 2017 — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
* 2018 жылы «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар