Садақ тартудан Денис Ганкин 1/32 финалда Малайзия спортшысымен сайысқа түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Садақ тартудан Денис Ганкин 1/32 финалда Малайзия спортшысымен сайысқа түседі

Садақ тартудан Денис Ганкин 1/32 финалда Малайзия спортшысымен сайысқа түседі

Олимпиада ойындарының алғашқы күні садақ тартудан алдын ала сыннан сүрінбей өткен Денис Генкин бүгін 1/32 финалда малайзиялық Хaзиг Камаруддинмен (Haziq Kamaruddin) сайысқа түседі.

  • 30 Шiлде 2012
  • 542
Фото - Caravan.kz

Бұл жайлы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Стародубцев Алматыдағы Олимпиадалық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Олимпиаданың алғашқы күні Алматы облысының 23 жасар спортшысы Д. Генкин 70 метрден садақ тартуда 64 спортшының арасынан 17-орын алды. Ал оның қарсыласы 48-орыннан көрінген болатын. Егер бұл сыннан сүрінбей өтсе 1/16 финалда Голландия-Дания жұбының жеңімпазымен кездеседі», — дейді В.Борисұлы. Оның айтуынша, алдын ала сында голландиялық 16-шы орын алса, даниялық одан айтарлықтай төмен нәтиже көрсеткен болатын. Бұл Денистің алғашқы олимпиадасы. Ал Қазақстан құрамасының екінші мүшесі батысқазақстандық Анастасия Баннованың екінші олимпиадасы. Анастасия 1/32 финалда мексикалық студент Аида Романмен күш сынаспақ. Алғашқы сайыста А.Баннова 54-ші, А. Роман 24-орын алған еді. Егер Анастасия бұл бәсекеде жеңіске жетсе 1/16 финалда грекиялық Евангелия Псарра (Evangelia Psarra) мен үндістандық Импхал Еастпен (Imphal East) жұбы арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Бұған дейін Евангелия 38-ші, Импхал 27-орын алған алған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера