«Садақа жәшігіндегі ақшаны ұрлаған»: Шымкентте бірнеше мәрте мешіт тонаған ұры сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Садақа жәшігіндегі ақшаны ұрлаған»: Шымкентте бірнеше мәрте мешіт тонаған ұры сотталды

«Садақа жәшігіндегі ақшаны ұрлаған»: Шымкентте бірнеше мәрте мешіт тонаған ұры сотталды

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотында өткен жылдың соңында бұрын бірнеше рет сотталған 1997 жылы туған Аят З-ға қатысты қылмыстық және азаматтық іс жүргізу аяқталды.

  • 11 Қаңтар 2021
  • 49
Фото - Caravan.kz

Ол 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың наурызына дейін жасаған бірқатар ұрлықтары үшін жауапқа тартылды. Оған жеті эпизод, оның ішінде екі мәрте мешіт тонау ісі бойынша айып тағылды, деп хабарлалйды Caravan.kz медиа порталы. 

Мысалы 2019 жылдың 15 желтоқсанына қараған түні Аят З. Адамдардың жоқтығын пайдаланып Бадам-2 ықшамауданындағы мешіт ғимаратына кіріп, қайырымдылық жәшігіндегі ақшаны ұрлап алды. Айыпталушының өзінің айтуынша, қорапта 8,5 мың теңге болған. 2020 жылғы 6 наурызға қараған түні Аят Жалын ықшамауданындағы мешітке ұрлыққа түсіп, 7500 теңгені ұрлап кеткен.Одан бөлек құрылыс бригадасына жұмысқа орналасып, жұмысшылармен түнеген және қасындағы әріптесінің қалтасынан алтын неке жүзігі мен күміс сақинасын ұрлап алып, жұмыстан кету туралы өтініш жазбастан таң атпай ізім-ғайым жоғалған. Ол бағалы заттарды ломбардқа өткізіп, шамамен 50 мың теңге алады. Аят сонымен қатар жеке үйлерден металл бұйымдар, электр сымдарын, ыдыс-аяқ пен құрылыс материалдарын ұрған.

Сот процесі кезінде Аят жасаған барлық қылмыстарын мойындады.


Еңбекші аудандық соты Аятты бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сот аяқталғаннан кейін сақиналар заңды иесіне қайтарылды. Нәтижесінде ломбардқа кепілзат сомасы үшін 47 500 теңге зиян келтірілді. Осы себепті ломбардтың иелері сотталған Аяттан келтірілген шығынды өтеуді талап етіп, азаматтық талап арызбен жүгінді. Сот азаматтық іс тағайындады, ал 2020 жылдың 29 желтоқсанында аталған талаптар толығымен қанағаттандырылды.

Соңғы жаңалықтар