Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы он бірінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы он бірінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңді

Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы он бірінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңді

Бірінші орта салмақтағы WBC жастар чемпионы атанған 21 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов профиде кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

  • 8 Желтоқсан 2019
  • 23
Фото - Caravan.kz

Ол канадалық Монреальдағы бокс кешіне қатысты, ал қарсыласы 25 жастағы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобос болды.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланса да, Ахмедов біріншісінен бастап басымдық танытып, жетінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.Бұл әлі жеңіліп көрмеген қазақстандықтың кәсіпқой бокстағы 11-жеңісі, оның 10-ын мерзімінен бұрын аяқтаған.

Айта кетейік, Ахмедов 25 қазанда мексикалық Джонни Наварретені (33-15-2, 15 KO) мерзімінен бұрын жеңген еді. 21 жастағы боксшы үшін бұл 2019 жылы өткізетін бесінші кездесуі. Ол 2018 жылдың сәуірінен бастап кәсіпқой шаршы алаңда жұдырықтасып келеді.


 

Соңғы жаңалықтар