Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тілшімен сұхбат барысында ол 13 шілдеден бастап облыстың бас санитар дәрігері болып жұмыс істеп жатқанын айтты. Байғабыловтың айтуынша, оны Атырауға коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберді.
Айта кетейік, Сәдуақас Байғабылов 2020 жылдың 31 наурызынан бастап көліктегі бас санитар дәрігер болып жұмыс істеді. Оан дейін Павлодар облысында бас санитар дәрігер болды.
Сондай-ақ, санитар дәрігер Атырау облысының тұрғындарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар туралы айтып берді.