Сәдуақас Ғылманидың тұңыш жинағының тұсаукесері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәдуақас Ғылманидың тұңыш жинағының тұсаукесері өтті

Сәдуақас Ғылманидың тұңыш жинағының тұсаукесері өтті

Кеше елордада ХХ ғасырдағы аса көрнекті қоғам және дін қайраткері, ақын, аудармашы қаламгер Сәдуақас Ғылманидың тұңғыш рет жарық көріп отырған поэзиялық мұрасының тұсаукесері болып өтті.

  • 1 Наурыз 2011
  • 557
Фото - Caravan.kz

«Сәдуақас Ғылмани ХХ ғасырдағы қазақтың рухани мәселелерін ту етіп көтерген, соны жинақтап, халыққа жеткізе білген ұлы тұлғалардың бірі. Жалпы, ХХ ғасырдағы ислам мәдениеті мен ислам құндылықтарын, ұлт мәдениетін жалғастырып, жаңа заманға жеткізген бірнеше ғана тұлға бар болса, олардың ішінде Сәдуақас Ғылмани мен Ақжан Машанидің шоқтығы биік. Ғалым А. Машаниді халық етене жақсы білсе, оның ұстазы С. Ғылмани туралы жұртшылық көп біле бермейді», — дейді кітаптың алғысөзі мен түсініктерін жазып, құрастырған филология ғыолымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы.

Оның айтуынша, аталмыш жинақтан бөлек ғалымның толып жатқан еңбектері бар. Оның бәрі әлі де жарық көрмеген, қолжазба қалпында сақтаулы. «110 мың сөзден тұратын «Арабша-қазақша сөздігі» бар. Бұл әлі жарияланған жоқ. Соның өзі тәуелсіздік алғанына 20 жыл толған қазақ елінің ғалымдары үшін үлкен сын», — деді Д. Қамзабекұлы.

Тұсаукесер барысында ғалымның рухына құран бағышталып, ас берілді.

Сәдуақас Ғылмани 1890 жылы Ақмола болысына қарасты Ерейментау­дың Малтабар деген жерiнде дүниеге келген. Мұсылманша сауатын өз бетiмен ашқан ол 1907 жылы сол кезде Арқаға аты мәлiм төлеңгiт Ақтамақ халифа (Ахмет Ғұсманұлы) медресесiне түседi де, алты жа­рым жыл оқып, ұстаз батасын алып шы­ғады. Бұдан соң Сiлетi медресесiне ор­на­ласады. Содан 1916 жылы ақ патшаның «Июнь жарлығы» шыққанға дейiн осы медреседе бала оқытып, шәкiрт дайын­дайды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсi ке­зiнде Сәдуақас ұстазы Ақтамақ халифамен бiрге қазақтарды бөтен елдiң, бөтен дiндегiлердiң үстемдiгiне мойынсұнбауға шақырады. Мұнан кейiнгi жылдарда да ол талай қиыншылықты бастан кешiрiп, Арқа өңiрiндегi ондаған елдi-мекендерде мед­ресе ашып, жас шәкiрттер һәм ересектерге де бiлiм бередi. 1929 жылдан бастап кеңестiк саясат исламдық тәлiм-тәрбие жұмысын, ислам­дық ғибадат бостандығын мейлiнше шек­теп, молдаларды қуғындай бастайды. Мешiттер жабылып, қиратылып жатады. Сол себептi 30-жылдар С. Ғылмани үшiн ауыр болса да, ол алдына қойған мақса­тынан таймайды. Ислам iлiмiне деген құштарлық оны қасиеттi Құранға қазақша түсiндiрме жазсам деген арманға жете­лейдi. Бiрақ бұл еңбегiн ол аталмыш се­беп­терге байланысты жалғастыра алмай­ды. Әйтсе де, ол хұтба, жұма намаздарға арнап уағыз жаза жүрiп, иманшарт негiзiн ауызша және жазбаша да таратады. С. Ғылмани 1934 жылдары Омбы об­лы­­сының Лиюбин ауданына қоныс ау­даруға мәжбүр болады. Содан ол 1946 жы­лы ғана Ақмола облысына қайтып оралды. Саналы өмiрiн ата дiнiне арнаған С. Ғыл­маниды жұртшылық қуана қарсы алады. Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов ұсы­нысын мақұлдаған ақмолалықтар Сәдуа­қасты қала имамы етедi. 1949 жылы ол көп­теген кедергiлерге қарамай, қасиеттi Мек­кеге барып, қажылық парызын өтеп қайтады.1952 жылы Қазақстанның қазиы бо­лып тағайындалған С. Ғылмани оны 1972 жылға дейiн абыроймен атқарған.

Перейти к новостям спорта