Сафар Шакеевті іздеу штабының орны ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сафар Шакеевті іздеу штабының орны ауысты

Сафар Шакеевті іздеу штабының орны ауысты

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен Сафар Шакеевті іздеу штабының орны ауысты. Бұл туралы Facebook-те Шакеевтер отбасының досы Виктория Момынбаева хабарлады.

  • 21 Шiлде 2016
  • 382
Фото - Caravan.kz

«21 шілде күні Сафар Шакеевті іздеу штабы Шаңғы трамплині аумағына ауысады. Жиналатын уақыт — таңертеңгі 10:00-де. Байланыс телефоны +77079500091», — деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін іздеу жұмыстарына ҚР ІІМ ТЖК жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері қосылған. Олар Весновка өзенінде Шевченко көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралықта іздеу жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ, еріктілер көлік жүргізушілерінен видеотіркеушілерге түскен видеоларымен бөлісуді сұрап отыр.