Сағадат Нұрмағамбетовтің жүлдесі үшін бокстан XVIII халықаралық турнир басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сағадат Нұрмағамбетовтің жүлдесі үшін бокстан XVIII халықаралық турнир басталды

Сағадат Нұрмағамбетовтің жүлдесі үшін бокстан XVIII халықаралық турнир басталды

Бүгiн елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің жүлдесі үшін бокстан XVIII халықаралық турнир басталды.

  • 10 Мамыр 2013
  • 449
Фото - Caravan.kz

Бірнеше жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан бұл турнир тек елімізде ғана емес, таяу және алыс шет елдерге де кеңінен танымал. Жыл сайын жарысқа 150-ге жуық боксшы қатысады. Биыл елордаға Қазақстанның барлық облыстық командаларымен қатар Қырғызстан, Ирак, Моңғолия, Сирия, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан елдерінің күрзі жұдырық жігіттері келген. Бұдан бөлек шаршы алаңдағы шайқасқа еліміздің ұлттық құрамасының да мүшелері қатысады.

«Аталмыш турнирдiң биылғы жылғы негiзгi ерекшелктерi — оның дәл Ұлы Жеңiс мерекесi тұсында өтуi, екiншiден Алматыда емес, алғаш рет Астанада өткiзiлуi, үшiншiден, қатысушы шетелдiк құрамалар санының өсуi. Турнирге ұлттық құрамадан бөлек, 7 шетел командалары қатысуда», — дедi Қорғаныс министрлiгi Спорт комитетi — Армияшылардың орталық спорт клубтарының төрағасы Ерлан Таласбаев.

Оның атап өткенiндей, халықаралық турнир ендi бұдан былай Астанада өтiп отыратын болады.

Айта кетейік, осы байрақты бәсекеге қатысқан еліміздің талай саңлақтары, атап айтқанда Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Бақтияр Артаев, Мұхтархан Ділдәбеков, Еркебұлан Шыналиевтер Олимпиада және әлем чемпионаттарында топ жарған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера