Сағадиев мұғалімдердің балаларын балабақшаға орналастыруға жеңілдік беруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сағадиев мұғалімдердің балаларын балабақшаға орналастыруға жеңілдік беруді ұсынды

Сағадиев мұғалімдердің балаларын балабақшаға орналастыруға жеңілдік беруді ұсынды

Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілеріне жеңілдік жасауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 17 Қазан 2017
  • 249
Фото - Caravan.kz

«Мұғалімдерге қатысты жеңілдіктердің болмауы проблемасы бар. Осы орайда біз тиісті ұсыныс жасап жатырмыз, яғни мұғалімдер мен тәрбиешілерге балаларын балабақшаға орналастыруға жеңілдіктерді беру мәселесін көтеріп отырмыз. Бұл тұрғыда әскерилерге жасалып жатқан жеңілдікке ұқсас ұстаздар мен тәрбиешілерге де тиісті жағдайды қалыптастыру қажет», — деді министр.

Е. Сағадиевтің сөзіне қарағанда, елімізде балабақшалар желісі артып келе жатқандықтан, осындай нормаға бастама жасалып отыр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет отырысы барысында  министр орта білімде жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшуді жалғасып жатқанын айтқан болатын.

Сонымен қатар ол мұғалімдер арасындағы жастар саны көбейіп келеді жатқанын сөз етті. 2016 жылмен салыстырғанда жас ұстаздар үлесі 2,5 есеге артқан.


Бірақ көрсеткіші төмен өңірлер де бар екен. Осы орайда Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында жас мұғалімдердің саны кемшін.

 

Соңғы жаңалықтар