Сағадиев саяси баспана сұраған ҚТЛ ұстаздарымен кездесуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сағадиев саяси баспана сұраған ҚТЛ ұстаздарымен кездесуге дайын

Сағадиев саяси баспана сұраған ҚТЛ ұстаздарымен кездесуге дайын

Павлодардағы қазақ-түрік лицейінің екі мұғалімі Қазақстаннан саяси баспана сұрап отыр деген ресми ақпарат Білім және ғылым министрлігіне түспеген. Бұл туралы министр Ерлан Сағадиев хабарлады.

  • 3 Қазан 2017
  • 211
Фото - Caravan.kz

Мұндай ақпарат бізге келіп түскен жоқ. Менің білуімше, ақпаратты желі қолданушысы, блогер жариялады, оның кім екенін біз білмейміз. Білім министрлігіне ресми ақпарат түскен кезде ғана біз соған байланысты әрекет ететін боламыз", — деді Сағадиев БАҚ өкілдеріне. 

Министр Қазақстаннан саяси баспана сұрауға мәжбүр болып отырған мұғалімдермен кездесуге дайын екенін жеткізді. 

"Мұғалімдермен кездесіп, жағдайдың мән-жайын білуге болады деп ойлаймын. Қазіргі уақытта бұл екі мұғалімнің саяси баспана сұрағаны немесе сұрамағаны туралы ақпарат білім министрлігінде жоқ. Олар мектеп арқылы немесе өздері бізге келеді деп ойлаймын. Сол уақытта біз не істейтінімізді шешеміз", — деді Сағадиев. 

Еске сала кетейік, Павлодардағы қазақ-түрік лицейінің екі мұғалімі Демирел Осман мен Алтынташ Иса туған еліне оралуға қорқады, сондықтан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан саяси баспана сұрауға мәжбүр деген ақпарат тараған болатын. Ұстаздардың және олардың отбасыларының жай-күйін фейсбуктегі өзінің парақшасында 
Әлібек Смайылов 
деген азамат жан-жақты айтып берді.

 

Соңғы жаңалықтар