Бұл туралы әнші "Менің өмірім" бағдарламасында айтты деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Халық әртісі тұрмысқа шығу туралы ойламаған
"Закең қайтқанына 15 жыл болды. Содан кейін маған келіп Мақпал саған ғашықпын, үйленейік деген адамды көрген емеспін. Мен барып біреудің мойынына асылмаймын ғой. Закең кеткенде мен 41-42 жас арасында едім қазір міне 56 жастамын. Мен ешкімге керек емеспін енді. Оның үстіне Зәкеңнің орны бөлек,жүгі ауыр ғой. Оны ешкіммен алмастырғым да келмейді. Енді мен немере бағып отыру керек" ,- деп ағынан жарылды.
Соңғы 15 жылда қайырымдылыққа 50 мың доллар жұмсағанын айтқан Мақпал Жүнісова кейбір адамдардың істеген қылықтарына қынжылатынын да жасырмады.
"Бізде халық басқаша ойлайды. Тойға бардың ба ақшаны енді бізге де бер, кеше сені мына тойда көрдім ғой ақшаны қырып табасыңдар ғой берсеңдерші бізге де деп жазады, тіпті үйге дейін келетін адамдар да бар. Есігімді қағып тұрып алады ақша сұрап. Сонысы дұрыс па енді, айтыңызшы? Тойға бару үшін өзіңді баптайсың, оған да қаражат кетеді. Шалбар мен фудболка киіп бара салмайсың тойға. Оның да кететін қаражаттары бар. Қазір тіпті тойға барғым да келмейді шынымды айтсам", — деп өкпесін айтты.
Халық қиналып отырғанда мен бей-жай отырмаймын.
"Маған көмектесіңізші деген толассыз хаттар келеді. Енді бүкіл көмек керек адамға көмектесе алмайтыным айдан анық. Бірақ халық қиналып жатқанда тыныш тамағымды ішіп отырған емеспін. Мысалы, Арыстағы жағдай, мына елді мекенді су алып жатыр десе, одан өзге де балалар ауырып жатыр қаражат керек деген кезде аянып қалмаймын. Тіпті миллиондап беретін кездерімде болады. Содан соң достарымыз қиын жағдайға түсіп қалып жатады ондай кезде бересің. Солай-солай өтіп жатқан өмір ғой", — дейді Халық әртісі.