Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram парақшасында тұрғындарға үндеу жасап, коронавиурспен күресте күні-түні қызмет етіп жатқан қызметкерлерге күш-жігер тілеуге шақырды.

  • 26 Наурыз 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Осындай қиын шақта біздің, елдің амандығы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, отбасынан жырақта жүріп, демалыссыз, жанқиярлықпен күресіп жүрген жандар туралы ойланып көрдік пе? Бәлкім, бәзбіреулер айтар, бұл полиция өкілдерінің, әскерилердің және дәрігерлердің парызы деп. Бірақ олар үн-түнсіз жасап жатқан сол еңбектерінің өтеуін бізден сұрап, міндетсініп жатқан жоқ, – деп жазды әкім.

Сонымен қатар ол коронавиурспен күресте қызмет етіп жатқан жандарға көмектесу үшін үйден шықпау қажеттігін айтты.

Қарапайым тұрғындар оларға қалай көмектесе алады? Аяушылық қажет емес. Тек қана әрқайсымыз орын алған жағдайға түсіністік танытып, өз жауапкершілігімізді күшейтіп, саналы түрде қолдау көрсетіп отырайық. Қабылданған карантиндік шаралардың тиімділігі де осында. Бұл мәңгі емес. Сондықтан бәріңізді сабырлы болуға, ал алдыңғы қатарда еңбек етіп жүргендерге шыдамдылық пен күш-жігер тілеп қояйық,
– деді Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар