Сағынтаев монополияға қарсы қызметтегілерге бензин бағасына қатысты мәселені шешуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сағынтаев монополияға қарсы қызметтегілерге бензин бағасына қатысты мәселені шешуді тапсырды

Сағынтаев монополияға қарсы қызметтегілерге бензин бағасына қатысты мәселені шешуді тапсырды

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан бензин бағасын төмендетуге қатысты уәде естімеген соң монополияға қарсы қызметтегілерге бензин бағасымен айналысуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 3 Қазан 2017
  • 243
Фото - Caravan.kz

Үкімет отырысы барысында министр Бозымбаев қарашада АИ-92 бензин 30 пайызға, ал желтоқсанда 20 пайызға дейін арзандату туралы жоспарын айтты.

"Қарашада және желтоқсаннан кейін жағдайымыз тұрақталады деп ойлаймыз. Себебі жанармай құю бекеттерінде бензин қаңтар айынан бері 13 пайызға қымбатттады. Шекарадағы көтерме баға да 6 пайызға қымбаттады", — деді Бозымбаев баяндамасында. Ал премьер-министрдің "Қазақстандықтар үшін бензин арзандай ма?" деген сұрағына Бозымбаев "баға тұрақталып жатыр" деп жауап берді.

Сондай-ақ, Бозымбаев бағаның Ресейге байланысты екенін айтып өтті. "Бақытжан Әбдірұлы, Ресейде қазіргідей тонна үшін 560 доллар болып қала берсе, ішкі нарығымызда бағаны төмендетуге мүмкіндік бар", — деп түсіндірді Бозымбаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстандық кейбір жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 150 теңгеге сатылып жатқаны хабарланған болатын.  Сондай-ақ, Қостанайда АИ-92 маркалы бензин бағасы 155 теңгеге дейін көтерілген. Жергілікті авто жүргізушілер кемінде екі жанармай құю бекетінің желісінде бензин бағасы бірнеше теңгеге өскенін хабарлады. Жанармай құю бекеті қызметкерлерінің айтуынша өзгерістер қыркүйектің 30-нан қазанның 1-не қараған түні өзгерген.