Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Кеше ғана 7 шахтёрдің өлгенін ұмытып қалдыңдар ма? Ертең ғана Парламентке кететін ҚҚС туралы ұмытып кеттіңдер ме? Әрине, блогерлер салық төлемей жатыр, масқара.
Барлығы дұрыс, салықтарды төлеу қажет, бұл жерде қоғамдық резонанссыз да салық органдары мәселені шеше алады. Ол резонанс, мысалы, шахтерлерге еңбек қауіпсіздігі мәселелерін шешуге көмектесу үшін, олардағы өлім-жітімді тоқтату, денсаулық проблемаларын шешу үшін қажет. Болмайды, масқара Әлібеков миллиард төлеген жоқ қой.
Біздің саясат технологтарымыз біздің бөтеннің ақшасын санауды жақсы көретінімізді біледі және тағы да соны пайдаланып отыр.
Осыған байланысты менің тек бір ғана сұрағым бар. Шенеуніктердің де осындай тізімдері қашан жарияланады? Бұл оңай екен ғой. Жай ғана олардың ресми табысын алып, карталарына түскен ақшамен салыстырса болды.
Сіздер түсінбейсіздер ол басқа иә», — деді журналист.
Еске сала кетейік, мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 594 адамның табыс декларацияларында айтарлықтай сәйкессіздіктер анықталып, оларға 53,3 миллиард теңгені құрайтын салықтық міндеттемелер жүктелді.
Салық төлемегендердің көшін кәсіпкер әрі блогер Бейбіт Әлібеков бастап тұр. Оның мемлекет алдындағы қарызы 2 млрд-тан асып жығылады.