Сайғақтардың БҚО-да қырылуының бір себебі - улану болы мүмкін - әкім - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайғақтардың БҚО-да қырылуының бір себебі - улану болы мүмкін - әкім

Сайғақтардың БҚО-да қырылуының бір себебі - улану болы мүмкін - әкім

Батыс Қазақстан облысында ақбөкендердің қырылуының бір себебі улану болуы мүмкін, деп есептейді облыс әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов.

  • 31 Мамыр 2011
  • 688
Фото - Caravan.kz

«Онда барлығы 442 бас ақбөкен өлген. Оның ішінде 360 аналығы мен 82 қозылары. Олардың қырылуы әдеттегідей, сол бұрынғы жерде (2010-шы жылы да сол жерде қырылған – ҚазТАГ), және сол кездегі уақытқа жақын мезгілде орын алды. Бізде ол пастереллезден шығар деген пікір туындап еді, бірақ флорадан, яғни шөптен улану ықтималдығы да өте жоғары», — деді БҚО әкімі сейсенбі күні үкіметтің селекторлық кеңесі барысында.

«Бізде қазір ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде ресейліктер де бар. Біз олардың қырылуы себебін зертханалық зерттеулер арқылы анықтамақшымыз», — деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, өліктерді алғашқы зерттеу нәтижелері олардың өлімінің себебі пастереллез екенін көрсетті. Бірақ, дегенмен, дейді ол. «барлық белгілері улануға келеді».

Сонмен қатар АШМ басшысы Асылжан Мамытбеков «сайғақтардың өлімі осы санмен шектеледі» дейді.

Бұрын хабарланғандай, ҚР ТЖМ мәліметтерінше, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының территориясында сайғақтардың 440-тан астам өліктері табылған. БҚО-да ақбөкендердің қырылған жердің жалпы ауданы 2800 га. Өткен жұмада аудан әкімшілігі құрған арнайы комиссия сайғақтардың қырылу себептерін анықтауға кірісті.

2010-шы жылы осы кезде Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында қырылған ақбөкендердің саны 12 мыңдай болған.

Пастереллез – геморрагиялық септицемия, малдар мен адамдарда кездесетін инфекциялық ауру. Ол септицемия (қан улануының түрі) және тыныс алу жүйесі мен ішектің кілегей қабыршығының қабынуымен, сондай-ақ пневмониямен, ісінумен сипатталады. Бактерияның қоздырғышы – пастереллалар. Қоздырғыш көздері – науқастар және ауру жұқтырған малдар.

Соңғы жаңалықтар