Сайламалы ауыл әкімдері халық мәселесін ақсақалдар кеңесінің келісімімен шешеді - ҚР Президенті Әкімшілігі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайламалы ауыл әкімдері халық мәселесін ақсақалдар кеңесінің келісімімен шешеді - ҚР Президенті Әкімшілігі

Сайламалы ауыл әкімдері халық мәселесін ақсақалдар кеңесінің келісімімен шешеді - ҚР Президенті Әкімшілігі

Сайламалы ауыл әкімдері халық мәселесін ақсақалдар кеңесінің келісімімен шешеді. Бұл туралы бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.

  • 22 Желтоқсан 2012
  • 349
Фото - Caravan.kz

Б.Байбектің айтуынша, жаңадан қабылданған Жергілікті өзін-өзі басқару концепциясына сай, ауылдық жерлерде әкімдерді 2013 жылдан бастап, халық сайлайтын болады. Ал әкім-қараларға мемлекет тарапынан үлкен құзыр мен билік берілмек.

«Ауылдық әкімдіктерге қаржылық тетіктер мен үлкен құзыр беріледі. Жергілікті әкімнің қолында билік болады. Мысалы, ауылдың бір жерінде қоқыс тасталып жатса, әкім оларға айыппұл сала алады. Тіпті ауылдағы көршілер арасындағы дауға төрешілік етіп, кесім жасауға құзыры болады. Егер ауыл кеңесі бұл даудың шешімін қолдаса, онда әкімнің айтқаны орындалады, егер халық келісімін бермесе, онда дау тараптары сотқа жүгінеді. Бюджетке қатысты мәселелер де солай қаралады. Әкім ауылда қандай жұмыстарға қаржы бағыттау қажеттігін тұрғындардың келісімімен ғана бекітеді. Осылайша жергілікті жердерде ауылдағы ақсақалдар кеңесіне жүгіну арқылы мәмілемен, ымырамен жұмыс істеу тәжірибесі енгізіледі», — деп хабарлады Б.Байбек.

«Ауылдағы ақсақалдарды білесіздер ғой, әкімге кіріп, елдімекен мәселелерін көтеріп, олардан әрдайым ақпарат алып жүреді. Олар жалпы Елбасының Жолдауын басынан бастап, мұқият оқиды да, жағдайды өте жақсы біледі. Сондықтан ақсақалдар жаңадан сайланған әкімдердің жұмысын қадағалап, бақылау керек. Ал мәселе туындап жатса, ауыл әкімінде оны шешуге жететіндей құзыры болады», — деп атап өтті ол.