Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына арнап мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыны мәслихат депутаттығынан үміткерлердің барлығы бірдей ала алған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына арнап мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыны мәслихат депутаттығынан үміткерлердің барлығы бірдей ала алған жоқ

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына арнап мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыны мәслихат депутаттығынан үміткерлердің барлығы бірдей ала алған жоқ

3-қыркүйектегі жағдаймен сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына арнап мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыны мәслихат депутаттығынан үміткерлердің барлығы бірдей ала алған жоқ. Бұл туралы бүгін, 4-қыркүйекте кезекті мониторинг қорытындысына негіздей отырып "Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі" Қауымдастығының өкілдері хабарлады.

  • 4 Қыркүйек 2003
  • 1672
Фото - Caravan.kz

Қауымдастық президенті Дос Көшімнің хабарлауынша, сайлау қарсаңындағы науқанды жұмыстар барысындағы осындай қайшылыққа орай «Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі» Қауымдастығы ҚР Орталық сайлау комиссиясына арнайы сұрау салды .

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңның 33-бабы, 2-тармағына сәйкес , мәслихат депутаттығына кандидаттар дербес сайлау қорын құруға құқығы жоқ. Осыған байланысты кандидаттар мемлекеттік бюджеттен бөлінген шектеулі қаржыны ғана қанағат тұтуға тиіс. Қаржы көлемі 86835 теңгені құрайды.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспары бойынша, кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны 10-тамызда басталып, 18-қыркүйекте аяқталуы тиіс.
Сонымен қатар, «Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі» Қауымдастығы кандидаттардың үгіт-насихат материалдарын шығару барысындағы қайшылықтар мен жарнамаға қатысты заң бұзушылық оқиғаларының артқанын анықтап отыр.
Мұндай жарнамаларда кандидаттар туралы ақпарат мүлдем жарияланбағандықтан оларды үгіт-насихат материалы деп атауға келмейді. Алайда ондай жарнаманы өз өкілдерін кандидаттыққа ұсынған қоғамдық бірлестіктер таратуда.
4 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі» Қауымдастығының бір міндеті — барлық деңгейдегі сайлауларға бақылаушылық жасауға саяды. Қауымдастық сайлау барысына ұзақ мерзімді мониторинг жасау қорытындысы жөніндегі есепті бұхара назарына ұдайы ұсынып келеді.

Соңғы жаңалықтар