Сайлау күні Астанада 416 сайлау учаскесі жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау күні Астанада 416 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Сайлау күні Астанада 416 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Орталық сайлау комиссиясының отырысында Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова сайлау учаскелерінің дайындығы туралы айтты.

  • 17 Наурыз 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Астана қаласы бойынша 416 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде шет мемлекеттерде біздің өкілдіктердің 77 учаске және азаматтардың уақытша болу орындарында 34 сайлау учаскесі бар. Барлық сайлау учаскесі қажеті жабдықтармен, дауыс беретін жәшіктермен, ұйымдастыру техникасымен жабдықталып, 100 пайыз дайын тұр. 305 учаскеде мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар ұйымдастырылды. Ол жерде көзі нашар көретін адамдарға бюллетеньдерге арнайы трафареттер мен аудижазбалар толығымен дайындалып, берілді», — деді Бектемісова.  

Сайлау комиссиясының шешімімен, тізімге енгізілген сайлаушылардың барлығы дауыс беріп болған жағдайда, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін.   

«Бізде 34 сайлау учаскесі белгіленді. Оның барлығы конституциялық заңмен қарастырылған. Емдеу мекемелері мен әскери мекемелерде заң бойынша жасақталды. Бір сайлау учаскесі бізде сағат 06:00-де бастайды. Сайлаушылар дауыс беру уақыты бойынша хабардар етілді. Ол үшін учаскелік сайлау комиссиялары 28 347 дана А5 форматындағы дауыс беруге шақыру парақшалары тұрғындарға таратылды. Бүгінгі таңда сайлаушылардың өтініші бойынша 880 дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері берілді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер барлық сайлау учаскелеріне жеткізілді. Астана қаласының сайлау учаскелері толық сайлауға дайын», — деді Бақыт Бектемісова. 


Соңғы жаңалықтар