Сайлау күні Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ақпарат және болжам институты 400 сайлау учаскесінде exit-poll өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау күні Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ақпарат және болжам институты 400 сайлау учаскесінде exit-poll  өткізеді

Сайлау күні Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ақпарат және болжам институты 400 сайлау учаскесінде exit-poll өткізеді

4-желтоқсанда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ақпарат және болжам институты еліміздің 8 өңірі мен Алматы және Астана қалаларында 400 сайлау учаскесінде exit-poll өткізеді. Бұл туралы бүгін, 25-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында институт директоры Сәбит Жүсіпов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Қараша 2005
  • 804
Фото - Caravan.kz

«Біз еліміздің барлығы 27 қаласы, 5 қала үлгісіндегі ауылдары мен 30 ауылында 16 мың адамды сауалнамаға қамтығалы отырмыз»,- деді С.Жүсіпов. Еxit-poll өткізілетін сайлау учаскесі кездейсоқ сандардың генераторының көмегімен іріктеледі.

С.Жүсіповтың айтуынша, сайлау күні институт атынан 450 сұхбатшы, 60 бақылаушы мен 15 супервайзер жұмыс істейді. Қалаларда үш, ауылдарда екі мәрте ақпарат жиналады. «Тәжірибе көрсеткеніндей, ауылдарда дауыс беру сағат 14 шамасында бітіп үлгереді және оған қатысуға ниеті болғандардың басым бөлігі қатысады»,- деді саясаттанушы.
«Біз жинаған мәліметтерімізді 4-желтоқсан күні 24 сағатта жария етеміз»,- деді институт директоры.
С.Жүсіповтың айтуынша, Қазақстандағы қала және ауыл тұрғындарының ара салмағы тиісінше 57,5 және 42,5 процентті құрайды.

Перейти к новостям спорта