Сайлау процессіне қатысушылардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылады - Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау процессіне қатысушылардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылады - Елбасы

Сайлау процессіне қатысушылардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылады - Елбасы

"Сайлау процессіне қатысушылардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылады", Бүгін, 21-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық миссиялардың жетекшілерімен Астанадағы кездесуінде осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қазан 2005
  • 438
Фото - Caravan.kz



«Кез-келген шетелдік ұйымдар мен елшілік қызметкерлері тарапынан елдің ішкі ісіне ақыл-кеңес беру, саяси партияларды қаржыландыру және олардың мүддесіне лобби жасау сынды жолдармен араласуына жол берілмейтінін ескерткім келеді»,- деді мемлекет басшысы. «Бұл жерде демократиялық риториканы қалқа етіп ұстануға мүмкіндік берілмейді»,- деді мемлекет басшысы.
Сонымен бірге мемлекет басшысы халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін сайлау алдындағы науқан мен дауыс беру барысына белсенді бақылау жасауға шақырды. «Еліміз халықаралық және жергілікті бақылаушылар жекелеген үміткерлерге деген саяси және дербес көзқарастарына қарамастан, сайлау нәтижесіне обьективті әрі салиқалы баға береді деп үміттенеді»,- деді президент.
«Біз алдағы сайлау жаппай мойындалған халықаралық стандарттарға сәйкес өткізіледі деп сенеміз және сайлаушылардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға қажетті шаралардың бәрін қолданатын боламыз»,- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта