Сайлау туралы заң жобаларын бірінші оқылымға әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау туралы заң жобаларын бірінші оқылымға әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Сайлау туралы заң жобаларын бірінші оқылымға әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Бүгін, 26-желтоқсанда өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында "ҚР сайлау туралы" Конституциялық заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы" екі заң жобасы бойынша баяндамаларды тыңдаудан кейін халық қалаулылары аталмыш заң жобаларын бірінші оқылымға әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Желтоқсан 2003
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Біздің пайымдауымызша, заңдарды «оқылымдарда қарау» процессін аяқтаған жоқпыз, қазір алғашқы оқылым жалғасуда»,- деді мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай. «Келесі жолы біз бірінші оқылымды одан әрі жалғастырып, заң жобаларының тұжырымдамасы бойынша пікір-көзқарасымызды дәйектейміз. Сенат пен мәжіліс депутаттары бұл заңды тағы бір пысықтап, сосын шешім қабылдауы қажет»,- деді ол. «Бүгінгі бас қосу — бірінші оқылымның бастамасы. Ол біздің бірлескен жұмыс тобын құрып, пікірталасты одан әрі өрбітуіміз үшін қажет»,- деді Ж.Тұяқбай.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында халық қалаулылары «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң жобаларын алғашқы оқылымға дайындау жөніндегі бірлескен жұмыс тобының құрамын бекітті. Жұмыс тобының жетекшісі болып мәжіліс депутаты Жазбек Әбдиев сайланды. Заң жобаларын бірінші оқылымда қарауды одан әрі жалғастыру мерзімі 2004-жылдың 26-қаңтарына белгіленді.

Соңғы жаңалықтар