Т.Тортаевтың айтуынша, есеп БАҚ материалдарына жүргізілген мониторинг, президенттіктен үміткерлер мен оларды қолдау жөніндегі штабтардың бұқараға жария еткен мәлімдемелерінің «Сайлау туралы» заңнамаға сәйкестігін анықтау негізінде әзірленді.
«Үміткер ретінде ат ұсыну барысында сайлау заңнамасын өрескел бұзу оқиғалары байқалған жоқ. «Сайлауды қадағалау комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігіне келіп түскен материалдарға жасалған талдау қорытындысы президенттіктен үміткерлер мен олардың сайлауалды штабтарының негізінен бір-біріне және мемлекеттік билік органдарына наразылықтары бар екенін паш етті»,- делінген есепте.
«Комитетке «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының сайлауалды блогының өкілдерінен ғана шағым келіп түсті. Онда үміткер Жармахан Тұяқбайды қолдаушылар қол қойған парақтардың шынайылығын тексеру барысында мемлекеттік мекеме өкілдері тарапынан оған қол қойған азаматтар мен қол жинаушыларға қысым көрсету оқиғалары орын алғаны айтылған. Осы жөніндегі барлық материалдар тексеру және тиісті шаралар қолдану үшін Орталық сайлау комиссиясына өткерілді»,- деді Т.Тортаев.
Комитет сонымен қатар есепте «сайлау процессі қатысушылардан сайлау құқығының біріздендірілген және айқын нормаларына бағынуды талап ететіндігіне» назар аударуды сұрайды.
«Кейінгі кездері сайлау процессінің нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бағытында айтарлықтай оңды өзгерістер жасалды. Бүгінде елімізде президент сайлауын әділетті әрі ашық өткізуге барлық жағдайлар жасалған»,- делінген комитет есебінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті