Сайлауға қатысты ақпараттар хакерлерден қорғалған - ҚР ОСК - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлауға қатысты ақпараттар хакерлерден қорғалған - ҚР ОСК

Сайлауға қатысты ақпараттар хакерлерден қорғалған - ҚР ОСК

Сайлау науқанына қатысты ақпараттар, құжаттар мен сандық мәліметтер жүйесінің қорғалуы басты назарда.

  • 14 Сәуiр 2015
  • 421
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін «Заманауи сайлау технологиялары: тәжірибесі мен практикасы» атты дөңгелек үстелде ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсенбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, барлық облыстарда мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ететін білікті мамандар бар.

«Олар біздің мәліметтердің сақталуын бақылайды. Себебі сақтықта қорлық жоқ. Жүйені бұзып кіру оқиғалары бұның алдында болғанын айта кетейін. Содан кейін біз тиісті шаралар қабылдадық. Енді бізде интернетпен байланысы жоқ арнайы байланыспен қамтамасыз етілдік. Сондықтан осы жүйемен жұмыс істей аламыз. Аймақтардан келетін барлық ақпараттар осы жүйемен келіп түседі, бұл оған ешкім теріс мағлұматтар енгізіп, сайлаудың астан-кестеңін шығармау үшін жасалуда», — деп атап өтті ол.