Сайлаушылар Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлаушылар Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге наразылық білдірді

Сайлаушылар Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге наразылық білдірді

Бүгін, 10 наурызда өткен парламент мәжілісінің жалпы отырысында осы палатаның депутаты Қайрат Шалабаев бір топ әріптесінің атынан ҚР үкімет басшысынң атына жолдаған депуттатық сауалын жария етті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Наурыз 2004
  • 803
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің баспасөз қызметінен таратқан сауалдың толық мәтініне жүгінсек, ақпан айындағы депутаттық іссапар кезінде, сайлаушылар биылғы қараша айының 29 күні қабылданған Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қатысты өздерінің наразылықтарын білдірген.

Мәтінде атап көрсетілгеніндей, «осы заңға басқа да өзгерістермен бірге Кодекстің 10 бабының 1 тармағының 29 тармақшасыдағы салық төлеушілердің санатынан заңды тұлғаның «өзге де оқшауланған кұрылымдық бөлімшелері» алынып тасталған болатын. Соның салдарынан біздің Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы «Интергаз орталық Азия» жабық акционерлік қағамының оқшауланған құрылымдық бөлімшесі Жаңақала компрессорлық станциясынан жыл сайын төленіп келген әлеуметтік салыққа 47 млн, табыс салығына 22 млн.тенге салық түсімдері енді аталған құрылымдық бөлімшенің заңды тұлғасы орналасқан Атырау облысына түсетін болып отыр. Яғни Жаңақала ауданының 2004 жылғы жоспарланған бюджеті 69 млн теңгеге түсім жағынан азайып кетті деген сөз. Аталған өзгеріспен әлеуметтік және жеке адамдардың табыс салығы Алматы, Астана қалалары мен басқа облыстарға кетуіне байланысты және 128 бапқа енгізілген өзгеріспен корпоративтік табыс салығының заңды тұлғаның тіркелген жеріне төленуінен біздің Батыс Қазақстан облысында тіркелген 228 оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінен түседі деп жоспарланған 3,1 млрд. теңге қаржы облысқа кем төленбекші, тиісінше ол қаржы басқа қалалар мен облыстарға жоспарланған мөлшерден артық түспекші.
Бұндай жағдай Қазақстан бойынша орын алып отыр, салық төленудің тәртібінің өзгеруіне байланысты Батыс Қазақстан облысынан басқа Актөбе облысына 305 млн.теңге Алматы облысына 410 млн., Қарағанды облысына 296 млн., Қызылорда облысына 286 млн., Жамбыл облысына 180 млн. Солтүстік Қазақстан облысына 100 миллионанан астам теңге қаржы кем түскелі отыр. Ол салықтар басқа қалаларға жоспарланған межеден артық салық болып түседі, мысалы Алматы қаласының өзіне жоспарланған мөлшерден артық 1440 млн. теңге түспекші.
Салық Кодексінің 3 бабының 2 тармағына сай салық кодексіне енгізілген өзгерістер 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі керек, олай болса осы өзгерістерді енгізуге мүдделі болған ірі компаниялар мен республикалық салық комитеті салық түсімдерінің жергілікті бюджеттерге 2004 жылға жоспарланып қойғанына қарамастан 2 ай бойына салықты жергілікті бюджеттерге төлемей отыр. Ол салықтар заңды тұлғалардың тіркелген жеріне де төленіп отырған жоқ, себебі тиісті оқшауланған құрымдардағы жұмысшыларды салықтық қайта тіркеу жұмыстары жүргізілген жоқ»,- делінген депутаттық сауалда.
Хатта атап көрсетілгеніндей, «кейбір аудандар аталған салықтардың бюджетке түспеуінен наурыз айының өзінде басқа шығындарды айтпағанда еңбекақыны уақытылы төлеу мүмкіндігінен айрылғалы отыр».
Осыған байланысты депутаттар үкімет басшысынан аталмыш мәселені тез уақытта қарап, бір шешімге келуін сұраған. Ол үшін «Салық Кодексіне» немесе «2004 жылғы республикалық бюджет туралы заңға»өзгерістер енгізу қажет»,- делінген сауалда.

Соңғы жаңалықтар