Бұл жаңалықты Тілеухан Facebook желісіндегі парақшасында жоққа шығарды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қадірлі бауырлар! Бұл мәлімдемеге себеп болып тұрған көптеген жанашыр бауырларымның хаттары, олардың жазып жатқан посттары. Ақылға сыймайтын нәрсе, нанбайтын шығар деп ойлағанмын. Сөйтсем, кәдімгідей менің өзге елдің азаматтығына өтініш берді дегенге ел кәдімгідей сеніп жатыр. Данияр, Олжас, Қуат сияқты бауырларым нанғыш, батыр бауырларым нанып, пост жазғандарын көрген кезде бұлай мәлімдеме жасамасам болмайын деп отыр. Қадірлі бауырлар! Мен ешқандай да бөтен елдің азаматтығына өтініш берген жоқпын. Алла Куә! Оллахи! Қазақстанда екі азаматтыққа тыйым салынған. Көк төлқұжаттан айырылатын менің ойым жоқ. Сайқал саясаткерлердің жаласы, бұл кәдімгі жала. Нанбаңыздар! Ulys Media-ны сотқа беремін. Сотқа беретінімді біліп, әртүрлі жасауы мүмкін ғой: әртүрлі программамен өтірік бірдеңелер бар. Бірақ, оған эксперт болса. Аманшылық болса, сотта кездесеміз! Айтайын дегенім, ешқашан ондай өтірікке нанушы болмаңыздар", — деп сөзін аяқтады Бекболат Тілеухан.