Сайрагүл Сауытбайға қытайлар у беруі мүмкін бе - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайрагүл Сауытбайға қытайлар у беруі мүмкін бе

Сайрагүл Сауытбайға қытайлар у беруі мүмкін бе

Сайрагүл және Жақындарына қатаң ескерту: Тамақтарынан абайласын!!!

  • 2 Тамыз 2018
  • 1086
Фото - Caravan.kz

Біріншіден, Сайрагүлдің бостандыққа шыққанына еркек басыммен көзіме еріксіз жас бердім, өте әсерлі кезең, Тарихта қалатын сәт!! бейне сол жақтағы туыстарымыз бәрі босап келгендей қуандық!!! бұл Намыстың жеңісі!!!

Екіншіден, Қытай Коммунистік Партиясы мен Ресей КГБ ларының шетелдегі өзіне жат адамдарды қалай у беріп өлтіріп жатқандарын көріп жүрсіздер, бұл әсте үрейлендіру емес, Қытайда мың жылдық таихы бар ата кәсіп, сондықтан өте абай болған жөн, деп жазды Azat Erkin есімді желі қолданушысы. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Осылайша алдын ала сақтандырған ол улардың түрлерін де жаза кетіпті.

"Улардың түрлері: жедел түрде әсер беретін және баяу мезгілде әсер беретін түрі болып бөлінеді, Жедел түрдегісі жүректі тоқтатады, ал баяу мезгілдегі ол ауру немесе вирустарды жұққызады, әрине жазылмайтын, созылмалы қиын ауруларды, сол арқылы азаптап өлтіреді.

Неге көңіл бөлу керек?
1) Сырттан тамақ ішпеу керек, тек үйден ғана өзі жасап тамақ ішуі керек.

2) Албаты белгісіз киім, кітап немесе басқада жолданған белгісіз заттарды ұстамау керек, алыс жүру керек.

3) Сыртта жүргенде өзіңнің су құмыраңды алып ішуің керек, әсте біреу ұсынған суды ішпеу керек, мейлі ол ашылған-ашылмаған болсын.

4) Қазіргі мезгілде Тамақтан өте сақтан, ең жақсысы өз стаканыңды, өз табағыңды, өз қасығыңды істет, Қонақта отырғанда шәй ішпе",- деп жазды ол.

Еске салсақ, Қытай азаматы Сайрагүл Сауытбай ондағы қысымға шыдамай шекараны заңсыз кесіп өтіп, тарихи отанына оралған болатын. Осы әрекеті үшін ол қамауға алынып, іс сотқа жолданды. Қытай тарапы Сайрагүлді коммунистік паритяның мүшесі екенін және елдегі мемлекеттік құпияларды біледі деген желеумен өздеріне беруді талап етті. Дегенмен 1 тамызда Жаркентте өткен сотта Сайрагүл Сауытбай 6 айға ғана шартты түрде сотталып, Қазақстаннан шығарылмайтын болды.   

سايراگۇل جانە جاقىندارىنا قاتاڭ ەسكەرتۋ: تاماقتارىنان ابايلاسىن!!!


بىرىنشىدەن، سايراگۇلدىڭ بوستاندىققا شىققانىنا ەركەك باسىممەن كوزىمە ەرىكسىز جاس بەردىم، وتە اسەرلى كەزەڭ، تاريحتا قالاتىن ءسات!! بەينە سول جاقتاعى تۋىستارىمىز ءبارى بوساپ كەلگەندەي قۋاندىق!!! بۇل نامىستىڭ جەڭىسى!!!

ەكىنشىدەن، قىتاي كوممۋنيستىك پارتيياسى مەن رەسەي كگب لارىنىڭ شەتەلدەگى وزىنە جات ادامداردى قالاي ۋ بەرىپ ءولتىرىپ جاتقاندارىن كورىپ جۇرسىزدەر، بۇل استە ۇرەيلەندىرۋ ەمەس، قىتايدا مىڭ جىلدىق تايحى بار اتا كاسىپ، سوندىقتان وتە اباي بولعان ءجون.

ۋلاردىڭ تۇرلەرى: جەدەل تۇردە اسەر بەرەتىن جانە باياۋ مەزگىلدە اسەر بەرەتىن ءتۇرى بولىپ بولىنەدى، جەدەل تۇردەگىسى جۇرەكتى توقتاتادى، ال باياۋ مەزگىلدەگى ول اۋرۋ نەمەسە ۆيرۋستاردى جۇققىزادى، ارينە جازىلمايتىن، سوزىلمالى قيىن اۋرۋلاردى، سول ارقىلى ازاپتاپ ولتىرەدى.

نەگە كوڭىل ءبولۋ كەرەك؟
1) سىرتتان تاماق ىشپەۋ كەرەك، تەك ۇيدەن عانا ءوزى جاساپ تاماق ءىشۋى كەرەك.

2) الباتى بەلگىسىز كيىم، كىتاپ نەمەسە باسقادا جولدانعان بەلگىسىز زاتتاردى ۇستاماۋ كەرەك، الىس ءجۇرۋ كەرەك.

3) سىرتتا جۇرگەندە ءوزىڭنىڭ سۋ قۇمىراڭدى الىپ ءىشۋىڭ كەرەك، استە بىرەۋ ۇسىنعان سۋدى ىشپەۋ كەرەك، مەيلى ول اشىلعان-اشىلماعان بولسىن.

4) قازىرگى مەزگىلدە تاماقتان وتە ساقتان، ەڭ جاقسىسى ءوز ستاكانىڭدى، ءوز تاباعىڭدى، ءوز قاسىعىڭدى ىستەت، قوناقتا وتىرعاندا ءشاي ىشپە.

Соңғы жаңалықтар