Жарияланды: 460

Сайрам ауданының тұрғындары балаларын мектепке жібермей қойды

Оңтүстік Қазақстан облысында Сайрам ауданының тұрғындары балаларын мектепке жібермей қойды. Осылайша, ата-аналар ауылға жаңа мектептің салынуын талап етіп отыр. 2000-шы жылы білім ошағын салуға жер де бөлінген екен. Алайда бұрынғы директор аманатқа қиянат жасап, оны жекешелендіріп алған. Қазір Ақтас ауылының шәкірттері ескі жатақхананың суық бөлмелерінде оқуға мәжбүр.

Мына ғимарат кеңес кезінде совхоз жұмысшыларына арналған жатақхана болған. Ақтас ауылы ұлғайып, тұрғыны көбейген соң 80-інші жылдары жатақхана мектепке ыңғайластырылыпты. Сыныптағы жылу 10 градустан сәл-ақ асады. Сантехникадан жалғыз қолжуғыш. Жаңа мектептің салынуын армандаған шәкірттің бүгінде бірнеше буыны ауысты.

Нұрасыл Әбдіразақ, 5-ші сынып оқушысы:

- Спорт залы жоқ. мейрамды сыныптың ішінде өткіземіз. Мектептен келгенше аяқтарымыз лай болады. Мектептің іші суық, қыста жаураймыз.

150 бала білім алатын мектеп шәкірттері жартылай көлеңке сыныптың көмескі шамымен дәріс өтеді. Бүгін сол оқушылардың бір бөлігі сабаққа келген жоқ.

Мұхтар Имашев,мектеп директоры:

- Бүгінгі тұманға, ауа райына байланысты, біздің ауылымыз созылып, 13,5 километрді қамтиды. Газеліміз ары-бері тасығаннан кейін... ол қойшылардың балалары бар, одан кейін шаруашылықтың адамдары бар. Олар қырлардың, сайлардың ар жағында тұрады. Сол себептен келмей қалған шығар.

- Осы уақытқа дейін тиіттей жерді ала-алмаған, деген не сұмдық бұл?! Әкімдер қайда қарап отыр?!

Көп ұзамай мектеп ауласына «себептің» өзі де келді. Балаларды сабаққа жібермеген - ескі мектепті жаңалаймыз деп есі шыққан ата-аналар екен.

Біләл Түймеқұлов, Ақтас ауылының тұрғыны:

- Бұл өзі 8 сыныптық мектеп. 8-ші сыныптан кейін жағдайы келгені ағайын жағалап оқиды. Жағдайы келмегені ана жерге шығады да есекке мініп алып, қой бағады

Кезінде Ақтас ауылының жұртшылығы жұмылып, жаңа мектепке деп жер де бөлген. Бірақ, оны сол кездегі мектеп директоры жекешелендіріп, жұбайына сыйлап жіберіпті.

Алғаш рет 80-інші жылдардың аяғында Ақтас ауылындағы жаңа мектептің іргесі қаланған. Алайда, Кеңес үкіметі тарағаннан кейін, жартылай салынып қойған мектептің бүгінде қирандысы ғана тұр. Екі мыңыншы жылы жергілікті шаруашылық ұжым есебінен мектептің құрылысына деп 5 гектар жер бөлінген. Ол жөнінде ұжым мүшелерінің шешімі де бар. «Мектеп директорының ол жерді қабылдап алды» деген кесімі де бар арнайы комиссияның. Алайда, осы күнге дейін не жердің, не мектептің пошымы жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін